Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Президент: Әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді

Президент: Әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді

Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бағдарламамызда негізгі 4 басымдық бар. Бірінші - әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет.

Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән берілетіндігін айтты.

«Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
25 қараша 2020 ж. 557 0