Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Президент адам құқығы міндетті түрде сақталатынын айтты

Президент адам құқығы міндетті түрде сақталатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде қаңтар қырғына қатысты сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.

«Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы билік шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс беріліп, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірілгенін, мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалғанын жеткізді. 

«Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас Прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз», деді Президент.
28 қаңтар 2022 ж. 506 0