Ақсуатта «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 10 жас баспаналы болды

- Осы бағдарлама аясында мемлекеттен бір реттік қайтарымсыз жәрдемақы алдым. Ал үй алу үшін пайызсыз несие алған болатынмын. Бұл бағдарлама мен үшін де отбасым үшін де үлкен қолдау болды,- деді №143 орта мектептің мұғалімі Асылзат Желдербаева.
- 2020 жылы Махамбет ауылындағы «Асыл-ай» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Пәтерден пәтерге көшіп жүргендіктен осы бағдарламамен баспаналы болдым, - деді «Асыл-ай» балабақшасының тәрбиеші Гүлжахан Қожабек.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев жастардың арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында мемлекет тарапынан әлі де тиісті шаралар қарастырылатынын атап өтті.