Миллиардер болғысы келетіндерге 8 кеңес
Миллиардерлер өмірге көпшілік қараған көзбен қарамайды. Олардың өзіне тән мінезі, әдеті, ұстанымдары бар. Дәл осы бірегейліктің арқасында олар байлыққа қол жеткізген.
Біз миллиардерлердің сізге қажетті 8 ережесін ұсынбақпыз
1. Олар ешқашан шыққан биігінде тоқтап қалмайды
Миллиардерлердің басым бөлігі ақша табу үшін емес, өздерінің армандарын жүзеге асыру үшін жанталасады. Өздері белгілеген межеге жету үшін аянбай тер төгеді. Нәтижесінде олардың еңбегі мен маңдай тері байлыққа жеткізеді.
2. Олар өзгелерден көп жұмыс істейді, бірақ өмірден ләззат алу біледі
Олар шынымен де көп жұмыс істейді. Бірақ керек уақытында көңіл көтеруді біледі.
3. Олар ештеңені қиындатпайды
Олар өздері үшін қиын мақсат қоймайды. Генри Форд кез келген адамның автокөлік алғанын, Билл Гейтс әркімнің үйінде компьютер болғанын қалады. Марк Цукерберг адамдарды бір жерге жинағысы келді. Миллиардер болғысы келетін адамдар мәселені тереңдетіп күрделендірмейді. Керісінше қарапайым жоспар жасап, соған жету жолында серік болатын, көмектесетін адамдарды таба біледі.
4. Олар өзгелерге сенім артады
Миллиардерлер барлық істі тек өздері атқара алмайтынын түсінеді. Және өздерінің жер бетіндегі ең ақылды адамдар еместігін біледі. Сондықтан да өздерінен гөрі білімді адамдардан ақыл сұрап, жүгінеді.
5. Уақыт - ақша
Миллиардерлер қол астындағы қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастырады. Өйткені уақыттың ақша тұратынын түсінеді. Уақытты да, ақшаны да, күш-қуатты да текке құртпай, үнемдеуге тырысады.
6. Олар әлемді жақсартады
Миллиардерлердің өмірді, әлемді жақсартқысы келетіні құпия емес. Жоқ дегенде өздерінің айналасындағылардың өмірін жақсартуға тырысады. Ешкімге салмақ салмайды. Жүрген жерінде жинақы.
7. Олар құмар ойнамайды, бірақ тәуекел ету біледі
Ғалымдар кедейлер мен байлардың мінез-құлқын зерттегенде кедей адамдардың апта сайын лото ойнайтынын анықтаған. Олар сәттілікті күтеді. Ал байлар өздерінің мүмкіндіктеріне сенеді. Олар сәттілікті тек қосымша сый ретінде қабылдайды. Және тәуекел ету біледі. Бірақ көзсіз тәуекел емес, жан-жақты есептелген тәуекелге барады. Көп жағдайда осы тәуекелдерінің арқасында олар миллиондаған табыс тауып жатады.
8. Олар өздерінің мінез-құлқын бақылауда ұстайды
Көп жетістікке жеткен миллиардерлер өздерінің мінез-құлқы мен әдебіне баса көңіл бөледі. Үнемі өз-өздерін тәрбиелейді. Кемшін тұстарын саралап, түзетіп, біліктіліктерін шыңдай түседі.
Дереккөз: http://www.vestifinance.ru/
Пікір 2