Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Психологиялық тест: Далапты таңдап мінезіңізді таныңыз

Психологиялық тест: Далапты таңдап мінезіңізді таныңыз


Әр арудың сөмкесінен табылатын далап бойынша оның қожайынының мінезін анықтауға болады екен. Кәдімгі далаптың төбесінің пішіні сізге құрбыңыздың (сүйіктіңіз, әріптесіңіз, тіпті өзіңіздің) сырларын ашпақ.

1. Егер далап ұзақ уақыт бойы сәл үшкір пішінді сақтаса, оның иегері - епті, өзіне сенімді әйел, алайда, ол керітартпа көзқарасты ұстанатын көрінеді. Өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін біле тұра, ұсақ-түйек істермен әуре болмайды. 

2. Далаптың төбесі біртекті дөңгелетілген. Бұл далаптың қожайыны әрқашан дегеніне жететін, салқынқанды, өзіне тұра алатын батыл ханым. Оған бейберекеттік, ұқыпсыздық тән емес, ол бәрін де алдын ала жоспарлап отырады. Еңбексүйгіштігі мен жинақтылығының арқасында талай белестерді бағындыра алады. Бұл аруға жетіспейтіні тек мысқыл сезім. 

3. Далаптың төбесінің пішіні біртекті емес. Бұл далапты күнделікті қолданатын қыз - қызба мінезді, түймедейді түйедей ететіндердің қатарынан. Алайда, ол мінезінің бұл қырын өзіне деген сенімділік пен пысықтықтың артында жасырғысы келеді. Адамдарға күдікпен қарайды. Кешкі серуен, сәнді киімдерге құмар. 

4. Далап қарындаштың ұшындай ұшталған сияқты болғаны - әйелдің өзімшілдігінің көрсеткіші. Олардың ерекшеліктері - өзіне деген түсіндірілмейтін махаббат, менмендік, тәкаппарлық, басқалардың пікірін мүлдем қабылдамауы. Адамдармен қарым-қатынас орнатуы қиын, алайда, олар өзін мінсіз санайды.

5. Далаптың беті теп-тегіс болған жағдайда, бұл ару туралы келесідей айтуға болады. Бұл қыз - нағыз оптимист, уайым-қайғыға берілу дегенді мүлдем білмейді. Ол ойлағанын тік айта береді, көңілді, адамдармен оңай тіл табыса алады. Күнделікті ұсақ-түйек қиындықтарды байқамайды, алайда, кейде өзінің турашылдығымен біреуді өкпелетіп қойғанын да байқамай қалады.

6. Ұшы түсіп қалған қарындаш сияқты пішінді далап өте сирек кездеседі. Содан болар, оның қожайынының да мінезі екінің бірінде кездесе бермейді. Бұл ханым - нағыз көңілдің адамы. Тұрақты емес, тез күліп, тез жылай салатындардың қатарынан, кереғарлықтардың жиыны. Ол көңілді, көпшілік назарында болады. Сонда да, оған кез келген уақытта сенім артпағаныңыз жөн.

7. Тік бұрышты үшбұрышқа ұқсайтын далап қиялы бай әйелдің сөмкесінен табылады. Бұл - кәсіпкер, ісіне жауапты, өз ойын әдемі, дұрыс жеткізе алатын ару. Алғыр, басқалардың кемшілігіне сабырлы қарайды. Еркелемейтін бұл ханымға әр уақыт сенім артса болады. 

8. Қиық конус іспетті пішінді далаптың қожайыны сабырлы, өмірге риза ару. Адамдармен қарым-қатынасы керемет, әр уақыт күлімсіреп жүреді. Тек бір кемшілігі - қызғаншақ.


Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан
16 наурыз 2018 ж. 1 671 0