Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

№ 58 газет

05 тамыз 2025 ж.

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » 228 отбасыға көмек көрсетілді

228 отбасыға көмек көрсетілді

Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 228 отбасыға ерекше көмек көрсетілуде. Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы грант туралы келісім желісі бойынша табысы аз отбасыларды дәрі-дәрмектер және бастапқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жобасы аясында отбасыларға дәрі-дәр­мек пен бастапқы медицианалық қор­ғау құрал-жабдықтары табысталуда.

Жоба шеңберінде аудандық жұмыс­пен қамту, әлеуметтік бағдар­ламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары отбасылармен кез­десті. Денсаулықты күтуге және емдеуге арналған дәрі-дәрмек жиынтығы табысы төмен отбасыларға айрықша қолдау болары сөзсіз. Бұл жоба еліміз бойынша алғаш рет ұйымдастырылуда. Дәрі-дәрмек қорында медициналық бетперде, антисептик, дене қызуын өлшейтін арнайы құрал, дәрі-дәрмек бар.

– Біз көпбалалы отбасымыз. 3 жылдан аса уақытта атаулы әлеуметтік кө­мек алып келеміз. Қазіргі пандемия уа­қытында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және аза-маттық хал актілерін тіркеу бөлімі тарапынан дәрі-дәрмек үлестірілді. Коронавирус инфекциясының таралуы жиі­­­леген тұста атқарушы билік өкілдері көпбалалы отбасыларды назардан тыс қалдырмауда. Бұл ретте, көмек қолын созған қайырымды жандарға алғыс айтамыз, – дейді кент тұрғыны Жазира Алматова.

Аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдар­ламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
17 шілде 2021 ж. 474 0