Аудандағы ахуал тұрақты

Бүгінде аудан орталығы Тереңөзек кентіне арнайы тосқауыл бекеті қойылып, ауданға кірген және шыққан автокөліктер жіті тексерілуде. Сондай-ақ дыбыс күшейткіш құралдар арқылы тұрғындарға ортақ тәртіпке бағыну, комендаттық талаптарды сақтау туралы сағат сайын ескертілуде. Мұнан бөлек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.
Тұрғындардың талап-тілегін тыңдау мақсатында бұған дейін орталық алаңда аудан басшысы бастаған жергілікті атқарушы орган өкілдері халықпен кездескен болатын. Онда атқарушы билік назарына атқарылуы тиіс жұмыстар тура лы ұсыныстар айтылды және сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Бүгінде аудандағы ахуал тұрақты, тұрғындар ортақ талаптың еліміз үшін маңызын түсінуде деп айтуға толық негіз бар.
«Тт» ақпарат