«Халық алғысы» медалі табысталды
Аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев ел игілігіне қызмет еткен бірқатар азаматтарға «Халық алғысы» медалін табыстады.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қиын-қыстау кезеңде аянбай еңбек еткен азаматтар марапат биігінен көрінді.
«Халық алғысы» – елдің ыстық ықыласы мен шын құрметіне ие болған азаматтарға тағайындалатын арнайы медаль.
Індетпен күресте адам өмірінің сақшысы болған дәрігер, тәулік бойы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалаған тәртіп сақшысы, ауыл-ауылды аралап, жұқпалы кесел ошағын залалсыздандыруға қатысқан сала мамандары, қайырымдылық шараларын толассыз жүргізіп, ауруханаларды қажетті медициналық бұйымдар, құралдармен қамтамасыз еткен кәсіпкерлер және қаржысыз көмек қолын созған еріктілердің еңбегіне берілетін үлкен марапат.
@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі