Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Абзал жандарға алғыс айтамын!

Абзал жандарға алғыс айтамын!

«Дерт көп, денсаулық біреу» деген қазақта сөз бар. Адамның денсаулығы сыр бергенде ең алдымен ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінеміз. Бірінші байлықтың қадірін біле бермейтін кез­деріміз жиі кездеседі. Жақында денсаулығым күрт нашарлап, же­дел-жәрдем қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Тынысым тарылып, жүрегім қысқан кезде барлық дүниені ұмытып кеткен жайым бар. Бірнеше сағат бойы жүрегім ауырып, жағдайым бұрынғысынан ауырлай түсті. Отбасымыз абыржып, не істерімізді білмей қалдық. Дер кезінде «Жедел-жәрдем» бөлімшесінің қызметкерлері тиісті ем-шара жүргізіп, екінші рет өмірге алып келді. Дертті болып ауыр­ған сәттен-ақ жүректі дәрігерлердің қадірін біледі екенсің. Осындай қиын-қыстау пандемия уақытында сан түрлі дертпен күресіп жүргендері ерлікпен пара-пар.

Қатты науқастанып, ауырған кезімде қолдан келген көмегін көрсеткен «Жедел-жәрдем» бөлімшесінің қызметкерлері Гүлжан Нұрышова, Айгүл Арысбаева, Жанар Айтбаева, Гүлнұр Сәтбаева, Рахым Жаппасбаев, Нұрлан Жүнісбаевқа ерекше алғысымды жет­кізімін. Уақытында облыстық медициналық орталыққа жолдап, ажалдан арашалап қалғанына дән ризамын. Алтын қолды дәрігер­лердің еңбегі ерекше. Күні-түні тыным таппайтын жандар барлық құрметке лайық.

Бахыт ШӘУДІРОВ,
кент тұрғыны
09 қараша 2021 ж. 457 0