Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Егістіктің көлемін азайту керек

Егістіктің көлемін азайту керек

Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушевтің төрағалығымен 2022 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс көлемін анықтау бойынша жиналыс өтті.

Жиынға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Сырдариясушар» өндірістік учаске басшылары және шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.

2022 жылы егінге су алу науқанында Сырдария өзеніне келіп түсетін судың мөлшері аз болуы мүмкін екендігі түсіндіріліп, келесі жылы орналастырылатын күріш егіс көлемін барынша азайтып, биік егіс алқаптарға орналастырмау керектігін және суды аз қажет ететін бидай, мақсары, арпа, соя, дәндік жүгері дақылын егу керектігін жеткізді.

Жиын соңында су тапшылығын алдын алуға тиісті шаралар қабылдап, атсалысу керектігі айтылды.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 желтоқсан 2021 ж. 321 0