Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әби Сарқыншақовқа "Парасат" ордені табысталды

Әби Сарқыншақовқа "Парасат" ордені табысталды


Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Павлодарда салтанатты кездесу өтті. Кездесуге құрметті қонақ ретінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин қатысты. Павлодардан келіп жеткен қуанышты хабардың бірі – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Сырдария ауданының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Әби Сарқыншақовқа «Парасат» ордені табысталды. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов марапаттау іс-шарасында өңір халқын айтулы мерекемен құттықтап, Павлодар облысының металлургия, мұнай-химия және темір жол кластерлері Қазақстанның Тәуелсіздігінің басты жетістіктері екендігін атап өтті.

Бүгін Әби Сарқыншақұлымен телефон арқылы тілдесіп, қоғам қайраткерін Тәуелсіздік мерекесімен және мемлекеттік наградасымен құттықтадым. Әңгімелесу барысында ата-бабасының киелі қонысы, туған жері болған қасиетті Тереңөзектегі жақсы жаңалықтар жөнінде ақпараттармен бөлістім. «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атанған тұлға шалғайда жүрсе де жүрегі Туған жер деп соғатынын айтып, ризашылығын білдірді, барлық жақсы жаңалықтарға тілектес екенін атап өтті.

Ордалы отыз жылдық мерейтойда «Парасат» орденімен марапатталған, жерлестер мақтанышына айналған Әби Сарқыншақұлы Сырдариялықтарға сәлем айтып, мерекелік құттықтауын жеткізді. Мереке құтты болсын!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

16 желтоқсан 2021 ж. 484 0