Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мәңгілік тағзым

Мәңгілік тағзым

2018 жылы Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толып, мерейлі мерейтойда Тереңөзек кентінде «Парасат» алаңы ашылды. Алаңға киелі ауданнан шыққан Кеңес Одағы батырларының, Социалистік Еңбек Ерлерінің және мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ескерткіш-бюсттері қойылды. Атап айтқанда, онда Қазақстанның Халық жазушысы, драматург, аудармашы жерлесіміз – Қалтай Мұхамеджанов, сатира сардары Асқар Тоқмағанбетов, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Әбділда Тәжібаев, Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов, Жаппасбай Нұрсейітов, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» Бекайдар Жүсіпов, Социалистік Еңбек Ерлері Балдырған Мұстапаева, Күләнда Әбдіраманова, Цой Ги Хва, Қасым Бөдеев, Дүйсенбай Керейтбаев, Ибадулла Ақниязов, Ахмет Халықовтардың ескерткіш-бюсті бар.
14 мамыр 2019 ж. 1 263 0