Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Қыз – елдің көркі» атты қыздар форумы өтеді

Қызылордада «Қыз – елдің көркі» атты қыздар форумы өтеді

20 желтоқсан күні облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің бастамасымен «Қыз – елдің көркі» атты қыздар форумы ұйымдастырылады. Оған 16-20 жас аралығындағы қыздар қатысады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
«Аналар кеңесі жұмысының бір бағыты – қыздар тәрбиесі. Осы жылдың шілде айында бастау алған «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты ақпараттық-насихаттық жобасы жүзеге асырылуда. Аудандарда үлгілі көпбалалы отбасының және қыз тәрбиелеп отырған аналармен кездесулер өткіздік. Сондай-ақ, онлайн түрде оқушы және студент қыздар қатыстырылып тәрбиелік мәні бар шаралар ұдайы ұйымдастырылуда. Ал бұл форум өсіп келе жатқан өрістерімізге үлкен тәрбие бастауы болмақ. Себебі, ұрпақ өрбітуші болашақ ана, қыздарымыздың бойында инабаттылық, ибалалық қасиеттерді жоғалтпай, сақтап қалуымыз керек», – деді облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова.
Жалпы, Аналар кеңесі 2014 жылы құрылды. Қазіргі кезде облыс бойынша 113 Аналар кеңесі жұмыс жасайды, 1103 қыз-келіншек қамтылған. Олар отбасы мәртебесін биіктетуде, құндылықтарды насихаттауда және ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды атқарады.

Барлық аудандарда әкенің отбасындағы рөлін, бала тәрбиесіндегі орнын нығайтуда «Әкем – асқар тауым», «Әкем – мақтанышым», «Әке болу оңай ма?!» атты кездесулер, пікір алмасулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда.
«Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында ардагерлер, әжелер кеңестерімен 8 шара өтті. «Бойтұмар ханым» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыста «Ақ орамал» жобасы іске асты. Мақсаты – әйел-аналарымыздың отбасы тәрбиесіндегі орны мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Жоба «Қазақстанның іскер әйелдері» қауымдастығымен қолдау тауып, алдағы уақытта республика көлемінде жүзеге асу жоспарлануда», – деді Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова.
15 желтоқсан 2021 ж. 318 1

EfgfShooplawl от 26 наурыз 2023 17:18
https://www.mollyopratt.online Shooplawl dag Authoma