Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әріптес мерейі

Әріптес мерейі

Ел егемендігінің отыз жылдығы біздің газет ұжымын да жақсы жаңалықтармен сүйіншілеуде. Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар сала қызметкерлерін арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады. Марапат төрінен көрініп, мерейі артқандар қатарында аудан айнасына айналған «Тіршілік тынысы» газетінің дизайнері Гүлсім Әлжанова да бар.

Гүлсім апай аудандық газет редакциясында 28 жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келеді. Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап қызметке араласып, ауданның әлеуетін арттыру жолында ерен еңбек етіп жүрген білікті маман бұл марапатын өлшеусіз еңбегінің еленгені деп біледі.

– Егемендік алғалы ауданымыз көз алдымызда көркейіп, дамып, жаңарып келеді. Түрлі жаңалықтар мен жетістіктеріміз аудандық баспасөз арқылы оқырманға жетіп отырады. Халыққа уақытылы әрі дұрыс ақпарат беру – біздің басты міндетіміз. Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесі қарсаңында еңбегімізді ескеріп, арнайы марапаттаған аудан әкіміне алғысымыз шексіз, – дейді Гүлсім Әлжанова.

Аудандағы ақпарат саласында ерен еңбегімен көзге түсіп, мәртебе биігінен көрінген ұжымдасымызды шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тілейміз.

"Тт" ақпарат
10 желтоқсан 2021 ж. 368 0