Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Газетке жазылуға шақырамыз

Газетке жазылуға шақырамыз

Әне-міне дегенше баспасөзге жа­зылу науқаны аяқталуға жақын қалды. Жергілікті газетке жазылушы оқырмандар саны соңғы екі жылда 850-ден астам адамға артқа­нын ескерсек, бұл кезең аудандық газет редакция­сы үшін аса маңыз­ды. Өйткені, басылым беделі оқыр­ма­нымен бағаланады.

Бұған дейін біз аудан әкімінен бастап аудандағы басшылардың жергілікті басы­лыммен әріптестік байланысы жөнінде жаз­ған болатынбыз. Оның ішінде, әр саланың тізгінін ұстаған басшылардың аудандық газеттің тұрақты оқырманы екеніне ерекше назар аударып, олардың газетке деген құрметін қазақ баспасөзіне деген құрметі деп қабылдайтынымызды айтқан едік. Сондықтан аудандағы мемлекеттік мекемелер баспасөзге жазылу науқанында жыл сайын белсенділік танытып келеді. Алайда, биылғы баспасөзге жазылу науқанында жергілікті газетке жазылуға кейбір мекемелер әлі де асығар емес.

Ірі шаруашылық өкілдері де ұжыммен жазылуды үрдіске айналдырғаны белгілі. Оның ішінде, «Мағжан және К» серіктестігінің биыл 200, «Қызылдихан» ШҚ 39, «Ақжарма 1, 2» ШҚ 35, «Бақ» ШҚ 31, «Ақжарма және К» ШҚ 20 данаға жазылғанын атап өтуге болады. Сондай-ақ депутаттар да бұл науқаннан қалыс қалып жатқан жоқ. Мысалы, облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов пен Жанарбек Нұрымбетов еңбек ардагерлерінің мекен жайына газетті тегін жаздыртып беріп, өз қолдауын көрсетті.

Бүгінде аудан бойынша облыстық «Сыр бойы» газетіне – 1643, «Кызылординс­кие вести» газетіне – 466, «Ақмешіт жас­тары» газетіне – 381 оқырман жазылды. Ал аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жа­зылғандардың нақты саны әзірге 2519 адам болып тұр. Алда екі аптадан аса уақыт бар екенін ескерсек, мау­­сым айы­ның соңына дейін бұл көрсеткіштің артатыны анық. Бұл бағытта редакцияның шығармашылық топ мүшелері, бас маман мен баспасөз маманы және таратушылар күнделікті жұмыс істеуде.

Аудан тұрғындарын жаңалықтардың жар­­­­шысына айналған, өзіндік оқырманын қа­лып­­тас­тырған жергілікті газетке жазылуға шақы­рамыз. Өз кезегінде редакция тұрақты оқырман­дармен әріптестік, шығармашылық байланыс орнатуға әркез дайын. Біздің қызметіміз – оқырмандарға!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ 
15 маусым 2021 ж. 913 0