Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгіннен бастап ревакцинациялау басталды

Бүгіннен бастап ревакцинациялау басталды

Елімізде бүгіннен бастап ревакцинациялау науқаны басталды. КВИ-ге қарсы ревакцинациялауды алғаш болып жүргізетіндер : медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдары, әлеуметтік сала қызметкерлері, 60 жастан асқандар мен антидене тесті теріс нәтиже көрсеткен азаматтар. Сондай-ақ, «Спутник V» алған жағдайда ревакцинация мерзімі - 9 ай, «QazVac», «Sinovac», «Qazvac», «Pfizer», «VeroCell» вакциналары - 6 айдан кейін жасалады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов хабарлады.

«ҚР Бас санитарлық дәрігердің №49 Қаулысына сәйкес елімізде ревакцинация жұмыстары бүгіннен бастап жүргізіледі. Ақпан және наурыз айларында вакцина қабылдаған тұрғындар өздерінің иммунитеттерін нығайту мақсатында ревакцинациялаудан өтуіне болады. Жалпы әлемдегі 50 мемлекет ревакцинация жұмыстарына кірісті. Қазіргі таңда коронавируске қарсы қайта вакцинациялау облыстағы барлық емханаларда ұйымдастырылып жатыр. Бұл ревакцинация 1 дозалық. Яғни 1 компонентін алғаннан кейін ағзада тұрақты иммунитет қалыптасады. Одан бөлек, өңірде 1590 тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды. Оның ішінде жасөспірімдер - 1156 , жүкті әйелдер - 233 және бала босанғаннан кейінгі аналар – 201. Ендігі жағдайды ушықтырмау сіз бен біздің қолымызда. Сол себепті вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға асығайық!», - деді басқарма басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы.

Облыстағы эпидемиологиялық ахуалға келер болсақ, өткен тәулікте індет жұқтырған 6 тұрғын тіркелді. Жалпы емделіп шыққандар 97 пайызды құрайды. Ал инфекциялық стационарда – 153 науқас ем қабылдауда.

22 қараша 2021 ж. 561 0