Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй жануарларын тіркеу міндеттеледі

Үй жануарларын тіркеу міндеттеледі

Үй жануарларын ұстайтын қазақстандықтар енді оларды тіркеуге тұрғызуы тиіс. Әйтпесе олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұндай норма мәжілістің қарауында жатқан "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасына енгізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың айтуынша, үй жануарларын міндетті чиптеу 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі. 

"Заң жобасы үй жануарлары иелерінің қаражаты есебінен ақылы негізде есепке алу құралын қолдану арқылы үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізеді. Оны жоспарлы іске асыру және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алуды кейінге қалдыру нормасы көзделген", – деді ол. 

Үй жануарлары бойынша барлық деректер ветеринарлық клиникалар базасына енгізілетін болады. Содан кейін жергілікті атқарушы органдарға беріледі.

"Егер жануарды есепке алу және сәйкестендіру шарттарын орындамаса, әкімшілік жауапкершілік тартылатын болады", – деп толықтырды вице-министр.
10 қазан 2021 ж. 955 0