D дәруменінің жаңа пайдасы табылды
Британиялық ғалымдар жүкті әйелдер D дәрумені және фолий қышқылы бар қосымша тамақ жесе, ішіндегі балаға өте пайдалы екенін айтты. Бұл туралы Daily Mail порталы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Бұл дәрумендер іштегі баланың жалпы жағдайына жақсы әсер етеді. Оған оттек пен қоректік заттар беріп қана қоймай, иммундық жүйесін күшейтіп, органдарының сау болып дамуына мүмкіндік береді.
Ғалымдардың айтуынша, D дәрумені бала мен ананың қан айналымына көп пайдалы. Өйткені, аяғы ауыр әйелдердің алты пайызында мұндай функция бұзылған.
Сондықтан Ұлыбританияда әйелдерге күніне шамамен 400 микрогламм фолий қышқылын және 10 микрограмдай D дәруменін ішуге кеңес беріледі. Аяғы ауыр әйелдер бала көтергенге дейін немесе жүктіліктің басында ішкен дұрыс.
Бұған дейін британ зерттеушілері D дәруменінің түрлі формасын организм әртүрлі қабылдайтынын көрсеткен. Ал америкалық мамандар егде жастағы адамдарға сүт ішкен кезде D дәруменін қосып ішуге кеңес берді.