Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

№92 газет

19 қараша 2024 ж.

№91 газет

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Министр екпе алуды міндеттеді

Министр екпе алуды міндеттеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығына толықтырулар енгізді. Оған сәйкес оффлайн форматта жұмыс істейтіндерге екпе алу міндеттеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» бұйрығының 49-тармағы мынадай тармақшамен толықтырылды:

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакцина алған ұйымдардың қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберу».

Яғни енді оффлайн форматта жұмыс істегісі келетін адамға екпе алуы міндеттеледі.

Сонымен қатар әкімшілік-аумақтық бірліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер белгілеген ұйымдар ПТР-тесті 7 күнде 1 рет тапсыруға және соңғы үш ай ішінде COVID-19 жұқтырған тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамнан медициналық анықтама талап етілуі міндетті.

Бұйрық 2021 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
10 қазан 2021 ж. 532 0