Жаңа оқу жылына жаңа қаулы шықты
Облыста 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы жаңа қаулы бекітілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова хабарлады.
Онда жаңа оқу жылында облыстағы барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі. Осыған орай ерекше талаптар қойылады. Олар:
Педагогтар мен персоналдың 100% вакциорналастыруды, ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу, 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу, маска режимін сақтау, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті қамтамасыз етілуі, педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі арқылы өткізу және олардың ішінде дене қызуы жоғарылар анықталған жағдайда шектеу қою, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу.
Сонымен қатар, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған студенттерді жатақханаға орналастыруды оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыру талап етіледі.