Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Балық шабақтарын құтқару жалғасуда

Балық шабақтарын құтқару жалғасуда

Су объектілерін балық шаруа­шы­лық ме­лиорациялау жөнін­де­гі жұ­мыс­тардың бірі – балық­тар­дың қыры­лу қаупі бар және бөл­шектенген су ­айдындарынан ба­­­­лық­тар мен олардың шабақтарын қор­ғау, құтқару.

Қызылорда облысы әкімдігімен облыс кө­леміндегі күріштік алқап­тарындағы балық ша­бақтарын құт­қару жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітіліп, ағымдағы жыл­дың тамыз айы­ның аяғынан бастап балықтандыру науқаны басталды. Бұл іс-шара қараша айына дейін жалғасын табады. Статистика бойынша су айдындарына жіберілген балық шабақтарының 70-80 пайызы әрі қарай өсіп жетіледі екен. Мұндай игі іс-шара биылда жалғасын тауып, сусыз тіршілік ете алмайтын балық шабақтары аудан көлеміндегі су айдындарына жіберіліп, балық қорын молайту мүмкіндігі артты.

Су айдындарына балық жіберу, өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, құн­ды, бағалы, сирек кездесетін және құрып ба­ра жатқан балықтардың түрлерін сақтауға бағытталған. Тауарлық өнім алу мақсатында ба­лық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына немесе учаскелеріне балық өсіру материалдары мен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жіберу болып табылады.

Н.Мешітбаев,
«Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балық маманы
09 қазан 2021 ж. 527 0