Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол картасы бағдарламасының орындалуы талқыланды

Жол картасы бағдарламасының орындалуы талқыланды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушевтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Сырдария ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәжілісі өтті.

Мәжіліске аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, комиссия мүшелері, жауапты дербес бөлім басшылары қатысты.

Жол картасындағы кейбір тармақтар талқыланып, оны орындауға жауапты бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.

«Nur Otan» партиясының Сырдария ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында 2021 жылға барлығы 90 іс-шара жоспарланған, оның ішінде орындалғаны 35.

Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев жауапты басшыларға "Жол картасы" іс-шарасында бекітілген тармақтар бойынша жауапты орындаушыларға және жергілікті атқарушы органға жұмыстарды жүргізуге, орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

07 қазан 2021 ж. 517 0