Екпе – індетке қарсы ем

Мұны мамандар жаппай екпе салынуымен байланыстырады. Десе де қазіргі таңда балалар арасында індететті жұқтырушылар көбейіп тұр. Анықталғандай, науқас балалардың дені ата-аналары екпе алмағандардың қатарынан екен. Сондықтан ең алдымен өз балаларының денсаулығы үшін ересек адамдар саналы түрде жаппай вакцина алуға асығуы керек.
– Қай кезде де жұқпалы індетке қарсы тұрудың бірден-бір жолы екпе болып табылады. Пандемияға қарсы екпенің дер кезінде шығуы халықты қауіптен сақтап қалатыны сөзсіз. Бүгінде емнің екпеде екеніне көптің көзі жетті. Себебі, қазір егде жастағылардың өзі келіп вакцина алуда. Бүгінде аудан бойынша вакцинаны 16402 адам алды. Бұл – вакцина алуға тиіс тұрғындардың 89,6 пайызы. Тұрғындар арасында екпе алудың тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, вакцина қоры жеткілікті, – дейді бас дәрігердің бастапқы медициналық- санитарлық көмек жөніндегі орынбасары Ж.Жұмабаева.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді халық даналығы. Сондықтан екпе алу – аурудың алдын алу дегенге көз жететін уақыт келді.
«ТТ» ақпарат