Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Жасыл» мәртебе бір жыл сақталады

«Жасыл» мәртебе бір жыл сақталады

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында вакцинацияланған азамат Ashyq қосымшасында қандай жағдайда "жасыл" мәртебесінен айырылуы мүмкін екені айтылған, деп жазады massaget.kz.

24 қыркүйектегі бұйрық бүгін, 27 қыркүйекте күшіне енді.

Онда азаматтарға "жасыл" мәртебесі коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін беріледі делінген. Бұл мәртебе вакциналанғандарда 21 күн бойы сақталады. Егер осы уақыттан кейін адам екінші компонентті алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде "көк" болады.

COVID-19-ға қарсы екпенің екі компенентін алған адамдарда «жасыл» мәртебе бір жыл сақталады.

Ашықтағы "жасыл" мәртебені үш ай ішінде коронавирус жұқтырғандар, екпеге қарсы көрсетілімі бар азаматтар, жүкті әйелдер, сондай -ақ ПТР талдауынан бір апта ішінде өткендер алады.

Еске сала кетейік,  COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 27 қыркүйектен бастап елімізде салтанатты, мерекелік, отбасылық іс-шаралар, банкеттер, үйлену тойлары мен мерейтойларды өткізуге рұқсат етілді.

27 қыркүйек 2021 ж. 384 0