Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызыл аймақта тұрған өңір жоқ

Қызыл аймақта тұрған өңір жоқ

Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы жасыл аймақта тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.

Бүгінгі күні қызыл аймақта тұрған өңір жоқ. Ал Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта. Қалған 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.

- Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 20 157 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, 2 137 адам егілді, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ, - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.

24 ақпан 2021 ж. 449 0