Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпті індет күшіне мінді

Қауіпті індет күшіне мінді

Елімізде жаңа қаулы күшіне енді. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қол қоюымен қолданысқа енген ереже бойынша екпе салдырмаған қызметкерлерге жұмысқа келуге тыйым салынады. Бұл емнің екпеде, саулықтың сақтықта екеніне әлі де күмән келтіретіндер үшін жасалған Заң екені анық.

Коронавирус бұл күнде өмірдің бір бөлшегіне айналғандай. Алғашқыда дүрліккен халықтың «қауіпті» дегенге міз бақпауы індеттің қарқынын қайтаруға кедергі болып тұр. Қазіргі таңда үнділік жаңа белгінің таралуы – жығылған үстіне жұдырық болып отыр. Ресми деректерге сүйенсек, коронавирусқа қарсы салынған екпе өз кезегінде «Дельта» штаммына да қарсы тұра алады.

Талап тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар немесе соңғы үш айда коронавируспен ауырған жұмысшыларға қатысты емес. Дерттің қауіпті, ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңызды екенін түсінбегендер жаңа қаулы бойынша әрекет ететін болады.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін ауданға І компонентті 12800 құты екпе келсе, оның 11285-і салынған. ІІ турдың 9800 данасының 8036-сы тиісті тұлғаларға егілген. Аудан халқының денінің саулығы мен сақтығы үшін арнайы мамандар жұмыс күндері 8.00-22.00 аралығында, демалыс күндері 9.00-18.00 аралығында қызмет көрсетеді.

«Тт»-ақпарат
16 шілде 2021 ж. 296 0