Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметке жаңа лауазым ұсынылды

Мемлекеттік қызметке жаңа лауазым ұсынылды

Қазақстанда саяси және әкімшілік қызметшілер тізіміне жаңа лауазымды енгізу ұсынылып отыр. Ол цифрлық қауіпсіздік мәселесіне жауап береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 жарлығына толықтыру енгізу туралы жобаны әзірледі. Оған сәйкес, саяси және әкімшілік қызметшілерінің В, С және D санаттары бойынша "дата-стюард" лауазымын енгізу жоспарланған.
"Қазақстан Республикасы парламенті депутатының көмекшісі" деген жолдан кейін "дата-стюард" мазмұндағы жолмен толықтырылсын", - делінген құжатта.
Бұдан бөлек, сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі мекемелердің екінші хатшысы, бас консулдықтың консулы, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы бас мамандар дата-стюард қызметін атқарады.

Жарлықтың жобасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтында www.mdai.gov.kz, сондай-ақ "Ашық нормативтік құқықтық актілер (НҚА)" порталында жарияланды.

Құжатты талқылау 4 қазанға дейін жалғасады.
20 қыркүйек 2021 ж. 427 0