Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ


Ел Президентінің бастамасымен мемлекеттік қызмет саласы бойынша тың жобалар қолға алынып, сала жұмысы жыл сайын жетілдірілуде.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді.
Осының негізінде ауданда Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін жандандыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Жақында С.Сейфуллин ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Д.Байдушевтің қатысумен «Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу» туралы жиналыс өтті.
Жиналысқа С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында Д.Байдушев күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу шараларының маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың өз жұмыс уақытын тиімді пайдалануға ықпал ететін шаралар қарастырып, жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеу фактілеріне жол бермеу керектігін атап өтті.
Жиналыс соңында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында ауыл әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

29 желтоқсан 2018 ж. 1 092 0