МӘМС-тің басым бағыттары түсіндірілді

– МӘМС-тің мақсаты: тұрақты дамуды, қаржыландыру жүктемесін әділ бөлуді және денсаулық сақтау жүйесінің қауіптерін кешенді қорғауды қамтамасыз ету, –деді Сексенбай Бұхарбайұлы.
Мұнан соң “100 Нақты қадам” Ұлт жоспарындағы 80 қадам - Денсаулық саласында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» (МӘМС) кезең-кезеңмен енгізілетіндігін, денсаулыққа мемлекет, жұмыс беруші және әрбір азамат арасындағы жауапкершілікті нығайту екендігін жеткізді.
Республика азаматтарының заң белгілеген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін тегін алуға құқығы бар екенін айтты.
Кездесуге қатысушылар МӘМС туралы сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Б.Жанәлі