Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтарға медициналық сақтандыру жүйесінің мәнісін түсіндіру жұмыстары жақсарған

Қызылордалықтарға медициналық сақтандыру жүйесінің мәнісін түсіндіру жұмыстары жақсарған

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тәртібін халыққа жіті түсіндірмеген өңір әкімдіктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарының деңгейі қатысты айтарым: Атырау, Ақмола, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан қалаларында халыққа түсіндіру жұмыстары бойынша көрсеткіштер төмендеп кетті. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардан, әкімдіктерден бұл жұмысты күшейтуді сұраймыз. Уақыт аз қалды. Жылдың соңына дейін халық МӘМС жүйесінің мәнісін білуі тиіс», - деді Айбатыр Жұмағұлов елордада өткен жиында.
Хабарланып отырғандай, ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласының көрсеткіштері едәуір жақсарған.
Айта кетерлігі, Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Еске сала кетсек, осыдан біршама уақыт бұрын Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің қыр-сырын халыққа терең түсіндіруді тапсырған болатын.
«Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Сақтандыруды тиімді түрде енгізу үшін 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында пилоттық жоба іске қосылады. Осыған байланысты біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігіне осы жобаны іске қосуды, барлық медициналық ұйымдарды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл тәжірибені барлық өңірлерге тарату және келесі жылдан бастап медициналық сақтандыру толық іске қосылған кезде ескеру қажет. Екіншіден, барлық өңірлерді әкімдеріне қазан айына дейін міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырамыз», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

kyzylorda-news.kz
07 тамыз 2019 ж. 687 0