Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Отбасылық кеңес» беру кабинеті ашылды

«Отбасылық кеңес» беру кабинеті ашылды

Сырдария аудандық Достық үйінде «Отбасылық кеңес» беру кабинеті ашылып, үш жақты Меморандумға қол қойылды.

Сырдария аудандық соты мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде "Отбасылық кеңес" кабинеті ашылып, өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.

Жиынға Сырдария аудандық сотының төрағасы Руслан Алдамбергенов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Ибраев, «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мақсұт Каратаев, орынбасары Ернар Зұлқарнаев, Билер кеңесінің мүшесі, медиатор Мұса Келдібаев және сот қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Р.Алдамбергенов отбасы құндылықтарына, өзекті мәселелердің бірі бала тәрбиесіне, сотқа дейінгі татуластыру рәсімдеріне қатысты баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шара барысында Сырдария аудандық соты мен аудандық полиция бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасақталып, меморандумға сот төрағасы Руслан Алдамбергенов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Ибраев, «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мақсұт Каратаев қол қойды.

Аталған меморандумға отыру - соңғы уақытта ерлі-зайыптылардың арасында және кәмелетке толмағандарға қатысты даулар мен құқық бұзушылықтардың артуына байланысты бірқатар мәселелерді шешу идеясынан туындағанын айта кету керек.

«Отбасылық кеңес» кабинетінің мақсаты – ерлi-зайыптылардың арасындағы дауларды азайту, дауды (жанжал) сотқа дейін реттеу, татуластыру рәсімдерін жүргізу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын сақтап қалу, отбасын құруды көздеген жастармен ерлі-зайыптылықтың ерекшеліктері бойынша кеңестер және де некесін бұзуға келген азаматтармен, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен профилактикалық және психологиялық тұрғыдан әңгімелер жүргізу, құқықтық кеңес беру, ата-ана міндеттерін тиісінше орындау, кәмелетке толмағандардың мінез құлқын түзету және қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша отбасылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Еліміздің дамуы, болашағы әрбір отбасынан бастау алады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөз бар қазақта. Еліміздің жарқын болашағы үшін меморандумға қатысушы тараптарды бірлік пен ынтымақта іс жүргізуге шақырамын деп сөзін қорытындылады.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
15 қыркүйек 2021 ж. 385 0