Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Құзырлы орган басшылары қоғамдық қабылдау жасады

Құзырлы орган басшылары қоғамдық қабылдау жасады

Тереңөзек кенті мәдениет үйінің залында қоғамдық қабылдау болды. Аталмыш шараға аудан прокуроры Е.Алмазұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров, аудандық партия филиалының қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.
Қоғамдық қабылдау барысында орман шаруашылығы, жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтар назарға алынып, заң шеңберінде жауап қайтарылды.
Аталмыш жиын аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен "Сырдария Нұрдария" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша өткізілді.
13 қазан 2020 ж. 809 0