Үш азаматтан өтініш түскен
Tirshilik-tynysy.kz. – Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен «Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектеулеріне байланысты жұмыскерлерге дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға біріңғай жиынтық төлем төлеушілерге әлеуметтік төлемдер түрінде кірісінен айырылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік қолдау бағытында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық штаб» төрағасы Ғ.Нұртазаев онлайн семинар өткізді.
Аталған шараға штаб төрағасының орынбасары Ғ.Садыков, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Е.Зұлқарнаев қатысты.
Семинарда аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов күн тәртібіндегі басты мәселе Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимінен кейінгі атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша атқарылып жатқан және алдағы атқарылатын шаралаларға тоқталды.
Төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан берілген әлеуметтік төлемге қатысты қатаң бақылау жасалып және бұл бағытта халық арасында түсініспеушіліктер, даулар туындамауы тиіс екенін жеткізді аудандық сот төрағасы. Жалпы әлеуметтік төлемдерге қатысты даулардың сотқа дейінгі тәртібін сақтауды және сотқа жеткізбей шешудің балама институттарына басымдық беру, билер кеңесіне, медиаторларға жүгіну арқылы бейбіт жолмен шешу маңыздылығын атап өтті.
Бүгінгі күнге дейін әлеуметтік төлемдерген қатысты 3 азаматтан өтініш келіп түсті. Оларға заң талаптарына сай шешім қабылдау үшін аудандық штабтың қарауына ұсынылды. Алдағы уақытты тиісті жұмыстар жүргізіліп, шешім шығару үшін өтініштер қаралу үстінде, – деді штаб төрағасы Талғат Мейрамханұлы.
Шара соңында қатысушылар тәжірибеде туындауы мүмкін деген мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

Майя ҚОЖАБАЙ