Қызылордада геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде

Өңірде отыз жылдан астам уақыт бұрын Құмкөл кеніші ашылды. Бұл Қызылорданың өнеркәсіптік аймаққа айналуына негіз болды. Сәйкесінше, өңірімізде мұнай-газ класстері қалыптасты. Сыр мұнайы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аймақ экономикасының дамуына серпін берді. «Үкімет қаулысымен Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Жергілікті жердегі Шу-Сарысу, Арал және Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті облыстық индустриялды-иновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев. Айта кетейік, бүгінде өңірде мұнай өндірумен 10-ға жуық компания жұмыс істеуде. Олардың барлығы дерлік әлеуметтік жобаларды қолдау мен жергілікті жерге ұдайы көңіл бөлуде. Жыл сайын аз қамтылған отбасыларға, отбасылық типтегі балалар ауылына қол ұшын созуда. Сондай-ақ дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына мұнайшылар әрдайым қолдау көрсетіп келеді.