Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мұнай-газ саласын дамытуда елеулі жұмыстар атқарылады

Мұнай-газ саласын дамытуда елеулі жұмыстар атқарылады

Биыл Қызылордада Шу-Сарысу шөгінді бассейнінде мұнай-газ перспективалы құрылымдарын анықтау мақсатында жер қойнауын зерттеу жұмыстарын жүргізу басталады,– деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халық алдындағы есебі кезінде мұнай-газ саласын дамытуға қатысты пікір білдірді.  
«2019 жылдың ақпанында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қызылорда облысын дамыту мәселелері қаралған кезде, мұнай-газ саласын дамыту, жаңа кен орындарын барлау, газ өндіру және өңдеу мәселелерін үлкен блок етіп көтердік», – дейді облыс әкімі.
Аймақтың кешенді дамуына қатысты бірқатар мәселелер ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2019-2022 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген. Жоғарыда айтып өткендей, биыл Шу-Сарысу шөгінді бассейнінде мұнай-газ перспективалы құрылымдарын анықтау мақсатында жер қойнауын зерттеу жұмыстарын жүргізіледі. Бұл – мұнай-газ саласын дамыту мәселесіндегі елеулі өзгерістер болмақ.
«Өте қымбатқа түсетін жұмысты бастау үшін биыл республикалық бюджеттен 600 млн теңге қарастырылып отыр», – дейді Қуанышбек Ысқақов.  
Сонымен қатар аймақ басшысы айтып өткендей, жоспарда аз зерттелген «Оңтүстік Торғай және Сырдария» шөгінді бассейндерін барлау көзделген. Осы шөгінді бассейндер бойынша жұмыстарды бастау үшін республикалық бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінуіне жұмыс жасалатын болады.
19 ақпан 2020 ж. 597 0