Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада су қоймасы салынады

Қызылордада су қоймасы салынады

Жыл сайын қайталанатын қуаңшылықтан құтылу мақсатында Қызылорда өңірінде су қоймасы салынатын болды. Бұған диқандар қуанып отыр.

Елде су нысандарының экологиялық тепе-теңдігі сақталмайды. Гидрологиялық инфрақұрылымдардың ескіруі және арналардың тазартылмауы тіршілік нәрінің тапшылығына әкелген. Осы мәселелер ел Президентінің Жолдауында нақты әрі дер кезінде айтылды, – дейді су шаруашылығы мамандары. Саланы цифрландырып, қажетті гидромамандар тобын даярлау кезек күттірмес мәселе. Жергілікті университеттің оқытушы құрамы Швейцария ғалымдарымен бірігіп сапалы маман дайындауға кіріспек. Бақытжан Шаянбекова, техника ғылымдарының кандидаты: – Су маманы ретінде ауыл шаруашылығы егістіктерін сумен қамтамасыз ету үшін су каналдарын реконструкциялау керек. Ол жақта 40% су ысырап болып жатыр. Өйткені ашық каналдармен су жеткізіледі егіске. Осы мәселені қолға алуымыз керек. Президент Жолдауында бұл туралы толық айтылды.

06 қыркүйек 2021 ж. 284 0