Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жыл басынан бері 87 той тоқтатылды

Жыл басынан бері 87 той тоқтатылды

Қызылорда қаласында мониторинг топ мүшелері жыл басынан бері 87 тойды тоқтатты.

Облыс орталығында құрылған мониторингтік топ құрамына қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция испекторлары енгізілген. Мониторинг топ мүшелері күнделікті сауда нысандары, ойын-сауық орындары, ресторандар мен кафелерде түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Топ құрамына басқарманың 16 учаскелік полиция инспекторлары бекітілген. «Жыл басынан карантин талаптарына байланысты 5710-нан астам нысандар араланды. Оның ішінде тәртіпті сақтамаған 306 құқық бұзушылық анықталған. Олардың 87-і той болса, қалғаны -жекелеген нысандар. Анықталған кемшіліктерге байланысты оған жол берген азаматтарды жауапкершілікке тарту мақсатында құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне жолданып, олардың 159-на шара көрілді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан. Қызылорда облысында жыл басынан бері 12609 адам коронавирус жұқтырды.


03 қыркүйек 2021 ж. 319 0