Аймақта криминогендік ахуал тұрақты
Бұрнағы күні аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев ағымдағы жылда атқарылған жұмыстар турасында есеп берді. Бүгінгі таңда аймақта криминогендік ахуал тұрақты.
2020 жылдың 9 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық 28,5 пайызға (172-ден 123-ке) төмендеген.
– 7 қыркүйектен бастап 1 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл шараның мақсаты - әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халықтың сенімін арттыру болып табылады, – деді бөлім басшысы Нұрлан .
Аталған шара барысында 5 мыңнан астам пәтерлер мен жеке меншік үйлер тексерілген. Нәтижесінде 5 қару тәркіленіп, 935 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған. Бүгінде бұл нақты жұмыстар жалғасуда.
Мұнымен қоса жауапты министрліктің нұсқауына сәйкес браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу мақсатында, 12 қазаннан бастап 11 қараша аралығында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өткізілуде. Нәтижесімен табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 3 дерегі тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылып, шарасы көрілгенін мәлімдеді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта қараусыз жүру деректері тыйылмауда. Жыл басынан кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 135 бала нықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік шаралар көрілген. .
Қабылданған шаралар нәтижесінде облыста тіркелген жол апаттары (+20%) (15-тен 18-ге), қайтыс болғандар (+150%) (4-тен 10-ға) өсім алса, жарақат алғандар (-34,5 пайызға) төмендегенін айтқан бөлім басшысы, көлік оқиғаларының басты себебі жылдамдықты арттыру, автокөлікті мас күйде басқару болуда екенін жеткізді.
Жыл басынан жол қозғалысын бұзудың 968 астам анықталса, оның ішінде жол апаттарына тікелей әсер ететін автокөлікті құжатсыз басқарудың 147, автокөлікті мас күйде басқарудың 24 дерегі әшкереленген.
Өзекті мәселелердің бірі карантин шектеу тәртібін бұзу болып табылатыны жасырын емес. Той жасап, ас беріп, туған күн тойлайтындар әлі де тыйылар емес. Той халық қазынасы, дегенмен де заң талаптары бәріне ортақ екенін естен шығараған абзал.
Карантин талаптарын бұзудың 34дерегімониторингтік мобильді топтармен бірлесіп анықталса, полиция бөлімінің мамандары 17 дерек анықталған.Соңғы демалыс күндері той өткізу дерегі бойынша 1заң бұзушылық анықталған.
Шара соңында аудандық полиция бөлімінің басшысы тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, заң талаптарын бұзбауға шақырды.

Майя ҚОЖАБАЙ