Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Оқу-жаттығу жиыны өткізілді

Оқу-жаттығу жиыны өткізілді


Жақында Тереңөзек кентінде орналасқан спорт ғимаратында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен терроризмнің алдын алу бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайлардың алдын алу кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдар барысында құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды.

Оқу-жаттығуға аудандық жедел штаб мүшелері мен жеке құрамы толық құрамда және арнайы техникалар жұмылдырылды.

Жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді. Ықтимал терроризм актісінің алдын алу бағытында департамент қызметкерлерімен іс-тәжірибе алмасты.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен ауданддық құрылымдық бөлімшелерге тиісті баға беріліп, алдағы іс-әрекеттер мен шаралар пысықталды.
31 тамыз 2021 ж. 682 0