Бақ қонған батырлар ауылында егінге орақ түсті
Бүгін 30 – тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күнінде аудан әкімі М. Ергешбаев республикада үздік ауылдардың бірі Н.Ілиясов ауылдық округінде болды.
Бұл ауыл – Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевтің инвесторлығымен, қамқорлығымен биікке көтерілген елді мекен.
Алдымен аудан әкімі "Алихан-Заңғар" өндірістік тұтыну кооперативінің МІҚ басын көбейту бағытындағы жұмыстармен танысты.
Кәсіпкер Дүйсебай Айгүл Досманқызы 2017 жылы "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы арқылы ірі қара мал басын көбейту" жобасымен ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 18,0 млн. теңге несие алып 85 бас ірі қара алды. 1 бас асыл тұқымды "Ангус" бұқасы мен 1 бас асыл тұқымды "Ақбас" бұқасын сатып алған. Қазіргі кезде ірі қара мал басын көбейтіп, Қызылорда қаласындағы сауда дүкеніндеріне сүт өнімдерін өткізіп тұрады.
Мұнан соң аудан әкімі М.Ергешбаев Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевпен бірге «Мағжан и К» серіктестігінің егіс алқабында болып, егінге орақ салу рәсіміне қатысты. Алқаптарда американдық «John Deere», «Case», немістің «Claas», ресейлік «Енисей» комбайндары, «MacDon», басқа да жаткалар жүріп жатыр. Тасымал көліктері де жеткілікті.
"Мағжан и К"серіктестігінің басшысы,аудандық маслихаттың депутаты Дархан Ералиев аудан әкіміне шаруашылық жұмыстарымен таныстырды.
Мұнда жұмысшылар екі ауысыммен еңбек етуде. Қытайлық, оңтүстік кореялық және германдық күріш тазалайтын зауыттар автоматтандырылған. Зауыттар оператордың басқаруында. Қырман басында жұмысшыларға арналған жатақхана мен асхана бар. Асхана тәулік бойы жұмыс істейді. Көктемгі егіс, күзгі орақ кезінде науқандық жұмыстар есебінен жұмысшылар саны көбейеді.
Елбасы Н.Назарбаев «Барлық ауыл Нағи ауылындай болсын!» дегендей, аудан әкімі М.Ергешбаев «Мағжан и К» шаруашылығының іс –тәжірибесіне семинар ұйымдастырылып, аудандағы басқа шаруашылықтарға үлгіге алуды тапсырды.
Аудан әкімі ауыл басшылары мен несібені жинап алуға кіріскен көңілі тоқ диқандарды, бүгінгі Ата Заңымыздың 26 жылдық мерекесімен және егінге алғашқы орақ түсу салтанатымен шын жүректен құттықтап, биылғы егіннен мол өнім алуға тілектестігін білдірді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі