Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерліктің дамуы – экономиканың өрлеуі

Кәсіпкерліктің дамуы – экономиканың өрлеуі

Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаев Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдық округтерінде болды.

Ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікті қарқынды дамыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы мақсатта аудан әкімі ауылдық округтердегі кәсіпкерлермен кездесті.

Алдымен, Қоғалыкөл ауылдық огругінде «Бекнұр» жеке кәсіпкердің жылқы малын бордақылау бағытындағы жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Тапалов Бақытжан Қараманұлы 2019 жылы «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорынан» 5 млн теңге несие алып, қазіргі таңда өз кәсібін жүргізіп отыр. Шамамен 80 бас жылқы жайылымда, 15 бас жылқы қорада бордақылануда. Қызылорда қаласы мен ауыл тұрғындарын ет өнімімен қамтамасыз етуде.


Аудан әкімі жеке кәсіпкерге асыл тұқымды жылқыларды көбейту мақсатында мемлекеттен субсидия алып, кәсібін дамытуға жұмыстар жүргізу керек екендігін айтты.Бұл мақсатта мемлекеттік бағдарламаны кең көлемде таныстырып, насихаттау жұмыстарын жүргізуді ауданның жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкіміне тапсырды.

Келесі Мұхиятдинов Ержан Баймағанбетұлы басқарып отырған « Қоғалыкөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдан бастап күріш егумен және пескоблок шығарумен айналысады. Қазіргі таңда серіктестік 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қызылорда қаласы мен ауыл тұрғындарының тапсырысы бойынша 1 данасы 200 теңгеден, күніне 500- 600 дана пескоблок шығарады.

Аудан басшысы бұл кәсіпкерге мемлекеттік гранттарды пайдаланып, арзан бағада пескоблок шығарып, кәсібін кеңейтуді тапсырды.


Мұнан соң аудан әкімі М.Ергешбаев Шіркейлі ауылдағы мемлекеттік бағдарламамен қайтарымсыз мемлекеттік грант жеңіп алған «Сүлейменов» жеке кәсіпкерінің темір бұйымдарын жасау бағытындағы, « Бексұлтан» жеке кәсіпкерінің фото – видео бағытындағы жұмыстарымен танысты.


«Бексұлтан» фото – видео бағытында жұмыс жасап отырған жеке кәсіпкер мектепті бітіргеннен кейін мемлекеттіктік «Бастау» және «Жас кәсіпкер» бағдарламасына қатысып,505 мың теңге мемлекеттік гранттын ұтып алған. Кәсібіне керекті техникалық құрал- жабдықтарды алған. Қазіргі таңда ағаштан 1500 түрлі зат шығаратын лазерлі станокты қолданып, кәсібін ұлғайтуда. Алдағы уақытта кәсібіне "Гелийшар" бизнесін қосу мақсаты бар.

Аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтудың бірден-бір көзі – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі артқан сайын ауданымыз көркейіп халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, ауданда жұмыссыздық азаяды. Аудан басшысы осы бағытта көптеген шаралардың ұйымдастырылып, жүзеге асырылуы керек екендігін айтты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
30 тамыз 2021 ж. 459 0