Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев елді мекенімізде мал шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.

Ең алдымен «Түрікмен аруанасы» «Түйе басын көбейту, қымыран өндіру» жобасы арқылы ауыл тұрғындарын қолжетімді бағада қамтамасыз етіп отырған Жұмабек Мейрмановтың "Жұмабек" жеке кәсіпкерлігін көрді.

Осыдан соң Бекзада Сейдалиевтің «Шұғыла» шаруа қожалығының жылқы малын бордақылау алаңында болып, кәсіпкермен жүздесті.

Кәсіпкерлер мал азықтық жем-шөп және жайылымдық жерлерге субсидия алу, аяқ су мәселелері жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Аудан басшысы ауыл кәсіпкерлерінің көтерген мәселелері бойынша тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Мұнан соң «Шопан ата» сауықтыру-оңалту орталығында сапалы су шығару жобасын көрді.

Ауыл әкімі М.Нұрғалиев аудан әкімімен бірге жүріп, аудан әкімі кездесу барысында байқағанындай алдағы уақытта кәсіпкерлерге әлде де қолдау көрсетуді, жүйелі жұмыстарды жалғастыруды ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе, ауыл әкімі М.Нұрғалиевке тапсырмалар беріп, алдағы уақытта орындалу барысы туралы баяндауды жүктеді.
24 тамыз 2021 ж. 366 0