Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мемлекет басшысының атына көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Мемлекет басшысының атына көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан көп адамның қаза болуына әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты шет мемлекеттердің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр, – деп хабарлайды akorda.kz.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкодан, Армения Президенті Армен Саркисяннан жеделхат келді. Сондай-ақ Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов жеделхат жолдады.

Жеделхаттарда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдірген. Сонымен қатар жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеген.
Көңіл айту жеделхаттары әлі де келіп жатыр.
29 тамыз 2021 ж. 636 0