Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Владимир Путин Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Владимир Путин Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Ресей Федерациясының Президенті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РФ Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ресей халқы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасады. Қайғылы апаттан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді», – делінген Ресей мемлекеті басшысының жеделхатында. Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

27 желтоқсан 2019 ж. 798 0