Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз кеңесі өтті

Тамыз кеңесі өтті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Наушақызының қатысуымен «Білімді Ұлт – тұрақты даму кепілі» атты педагогтардың дәстүрлі тамыз кеңесі болып өтті.

Дәстүрлі тамыз кеңесінде санитарлық ахуалды сақтай отырып , аудан әкімі Мұрат Нәлқожаұлы "Білім мен Ғылым - елдің тұрақты дамуының кепілі" ұранымен бастау алған жаңа оқу жылымен барша ұстаздар қауымын құттықтады. Салтанатты жиында білім беру ұйымдарының басшылары , мектеп мұғалімдері қатысты.

Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым.Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Білім – бақтың жібермейтін қазығы» деп білім мен бақыттың ажырамайтыны туралы нақыл сөз айтты.Олай болса, білімді әрі бақытты жастарды тәрбиелеу бүгінгі ұстаз атқарып отырған ұлағатты іс.

Аудан мектептерінде 8334 оқушы білім алады деп күтілуде . Биылғы оқу жылындағы жаңалықтардың бірі Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде даярланған "Әліппе", "Ана тілі" және "Букварь" оқулықтарының мектеп бағдарламасына қайта оралуы. Алғашқы қоңырау мерекесінде ауданда мектеп табалдырығын аттаған 805 оқушыға "Әліппе" мен "Ана тілі" алғашқы оқулықтары табыс етілетін болады.

Аудан әкімі М.Н. Ергешбаев облыстық,республикалық,халықаралық жарыстарда білім алушы шәкіттердің қатарының көбеюі ұстаздарының еңбегі екенін атап, аудан ұстаздарының мәртебелерінің биіктеп,абыройларының арта беруімен құттықтады.

Жиын соңында білім беру ісіне зор үлес қосып , ерекше еңбек еткен білім саласының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Алғысымен» № 139 орта мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Айтпанбетова Роза Серикбаевна, №36 мектеп –лицейдің тарих пәні мұғалімі Мусаева Нұргүл Әбілханқызы, №132 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мәлібекова Алуа Жалғасбайқызын марапатталды.
26 тамыз 2021 ж. 588 0