Ауыл әкімінің бастамасымен "Мектепке жол" акциясы өтуде
«Мектепке жол» акциясы 2008 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді, оның бастамашысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені белгілі. Биылғы жыл біз үшін де оңай болмады, соған қарамастан әлеуметтік осал санаттағы Аманкелді ауылындағы оқушыларға жеке кәсіпкерлерді тарта отырып жәрдем жасалуда.
Елді мекендегі көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына "АКЗ LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Руслан Каскиев 10 дана оқу құралдары салынған сөмке сыйға тартты.
Елді мекен көлеміндегі жеке кәсіпкерлерде қарап қалмай, қолдан келгенше көмектерін көрсетуде.
Барлығы 18 оқушыға арнайы оқу құралдары салынған сөмкелер сыйға тартылды.
- Оқушылардың мектепке әзірлігі басты назарда. Аталған акция алдағы уақытта да «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында жүргізіледі және бұл мектеп-лицей оқушыларын патриоттық тәрбиелеудің бір бөлігі. Барша көмек қолын созып жатқан кәсіпкерлерге алғыс білдіремін,-деді ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев.
Бүлдіршіндерге қамқорлық жасағаны үшін арнайы "АКЗ LTD" ЖШС ұжымына және Нұр-Асыл шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлер Құтышев Мақсұт, Сейтназарова Әтіркүл, Қосанова Жамила, Дүйсенбеков Қасымбекке зор құрметпен алғыс айтамыз!