Балалардың қауіпсіздігі
Елімізде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын тағы себептердің бірі – терезеден құлау оқиғасы. Республика көлемінде 2018 жылы 15 жағдай орын алды (қайтыс болғаны 7 бала, жарақат алғаны 8 бала), 2019 жылы 34 жағдай орын алды (қайтыс болғаны 7 бала, жарақат алғаны 27).
Ағымдағы жылы 6 жағдай орын алды (қайтыс болғаны 2 бала, жарақат алғаны 4).
Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді. Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.
Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?
1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстіне ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Ешқашан терезедегі қорғаныш торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған.Құлап бара жатқан балаларды қорғай алмайды. Керісінше, арнайы торлар қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар қорғаныш торларды қауіпсіз деп ойлайды. Терезеге сүйенгендей сол торларға асылып тұрады. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
4. Мүмкіндік болса, терезені төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.
5. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге арнайы бекіткіштер орнатыңыз!
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, Сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыз.
Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі