Қауіпсіздікті қаперден шығармау керек

- Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы өзекті мәселе болып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда балалардың суға кетуі 53 пайызға көбейді. Сондай-ақ, балық аулайтын орындарда 467 рейд ұйымдастырылды. 4933 адамға судағы қауіпсіздікті түсіндіріп, үнпарақтар таратылды, - деді Саид Шазындаұлы.
Брифингте төтеншеліктер қалада 2 жағажайға суға түсуге болатынын айтты. Олар шаһар орталығындағы «Сыр-Самалы» және Белкөл кентіндегі «Абай» жағажайы.
- Суға шомылуға болмайтын аймақтарға 188 ескерту тақтайшасы орнатылды. Қазіргі таңда қала аумағындағы «Эдельвейс» саяжайы тұсында коммуналдық саяжайдың құрылысы жүруде. Қала тұрғындары мен ата-аналарға мүмкіндігінше осындай жабдықталған жағажайларда суға шомылуға кеңес береміз, - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Алиев.