Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина салдырудың тиімділігін тұрғындар түсінуі тиіс

Вакцина салдырудың тиімділігін тұрғындар түсінуі тиіс

Короновирус індетінің қазіргі таңдағы жағдайы бойынша ақпараттандыру және вакцина салдыру жұмыстарына байланысты түсіндірме жасау мақсатында ауыл әкімдігіне Аманкелді ауылына аудандағы жауапты бөлім басшысы Ж.Төрәлиев пен денсаулық сақтау саласының өкілі А.Арғынбаев арнайы келіп, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Аталған кездесуге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиев, денсаулық сақтау саласының өкілі А.Арғынбаев, ауыл әкімі М.Нұрғалиев және ауылдық аурухананың аға дәрігері Г.Бекпенбетова мен ауыл ардагерлері қатысты.

Мұнан соң ауылдық ауруханаға барып, әлемді жайлаған індетпен күресте вакцинаның рөлі өте жоғары екенін түсіндіріп, вакцина салдырудың маңыздылығын тұрғындар түсінуі қажет және жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жасап, ауруға қарсы тұру кезіндегі адал еңбектері үшін барлық дәрігерлерді құрметтеуіміз керек,-деді Ж.Төрәлиев.

Өз кезегінде А.Арғынбаев тұрғындарға вакцина салдырудың тиімділігі туралы толыққанды ақпараттар берді.

Осыдан кейін елді мекенде тұратын ардагерлердің үйін аралап, індеттен ертерек құтылу үшін карантин талаптарын сақтаудың маңыздылығы жөнінде және аурудың алдын-алу мақсатында екпе егу қажеттілігін ұсынды.

Ауыл ардагерлері айтылған ұсыныс-пікірлерді қолдап, екпе қабылдауға көзқарастары оң екенін жеткізіп, дәрігерлердің кеңесімен вакцина салдырды.

Елді мекен тұрғындары ауруға бой алдырмауы үшін, алдағы уақытта вакцина салдырудың пайдасы жөнінде түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

22 тамыз 2021 ж. 215 0