Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Салықтық жеңілдіктер – кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау

Салықтық жеңілдіктер – кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау

Микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босату жөнінде ақпарат ұсынамыз.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 57-4 жаңа бабы қолданысқа енді.

Салық төлеуден босатылатын субъектілер санаттары және салықтардың түрлері:

Арнайы салық режимдерін (АСР) қолданатын микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде алынған табыстардан салық төлеуден босатылады.

Микрокәсіпкерлік субъектілеріне жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 15 адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы 30 мың еселенген АЕК-тен яғни, 87 510 000 теңгеден аспайтын субъектілер жатады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері - жұмыскерлердің орташа жылдық саны 100 адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы 300 мың АЕК-тен яғни 875 100 000 теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар.

АСР қолданатын субъектілерге келесі салық төлеушілер жатқызылады:
• патент негізінде,
• оңайлатылған декларациялар,
• тіркелген шегерімді пайдаланумен,
• ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері,
• шаруа немесе фермер қожалықтары.

20 тамыз 2021 ж. 491 0